Алматыда Африка елдерінен келген 28 азамат анықталды

Алматыда Африка елдерінен келген 28 азамат анықталды
polisia.kz

Алматыда көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шара нәтижесінде Африка елдерінен келген 28 азамат анықталды. Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.

– Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, Африка елдерінен келген тағы 8 азаматты Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.