Таразда пробация қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты Алматыда құрықтады

Таразда пробация қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты Алматыда құрықтады Сурет: Polisia.kz

Пробациялық бақылаудан жалтарушыларды іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы  А.Ниязымбетов пен инспектор, әділет аға лейтенанты С.Алтынбек мемлекетаралық іздестіру жарияланған О есімді сотталған азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Тексеру кезеңінде жас жігіт масаң күйде болғандықтан, жағдайды анықтау үшін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне жеткізілді. 2003 жылғы жас жігіт Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөліміне (Тонау) сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған қамауда ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бүгінгі таңда сотталған азамат Алматы қалалық Алатау аудандық сотының үкімі негізінде Тараз қаласындағы №67 мекемеге (тергеу изоляторы) қамауға алынды.


Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлері тұрақты негізде сотталған азаматтар мен пробациялық бақылау орнатылған жазасын өтеушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23