Болат Садықов: Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық

Болат Садықов: Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық
Сурет: Turkystan.kz

Болат Садықов, Алматы қалалық мәслихатындағы  AMANAT партиясының депутаты: Бұл ұғым халқымыз үшін қастерлі 

1 наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды.

Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды.

AMANAT партиясы алғашқы құрылған күннен бастап тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып қана қоймай, елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін қорғайтын бірден-бір қоғамдық ұйымға айналды.

AMANAT бүгінде өзін халықтық партия екенін сөзбен ғана емес, тындырымды ісімен де дәлелдеп келеді. Сондықтан біз алдағы уақытта да ел игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.

Бүгін де AMANAT партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады.

Президентіміз, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылығымен жаңғырудың 7 негізгі басымдығы бекітілді. Партия мемлекетті дамытуға, оны озық елдердің қатарына қосуға, халық тұрмысын жақсартуға күш салатынына сенімдіміз!

Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай, партияның атауы AMANAT деп өзгертілді. Бұл ұғым біздің халқымыз үшін аса қастерлі.

«Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы бірлескен еңбегіміз берекелі болсын!