Бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды
Сурет: Inform.kz

Кей дереккөздер оны Қайрат Боранбаевтың інісі деп жазады.

Қаржы мониторингі агенттігі бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Мұрат Боранбаевқа іздеу салу туралы ақпарат Құқықтық статистика органдарының порталында жарияланды.

Іздестіруді жүргізетін орган ретінде Алматы бойынша экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

Мұрат Боранбаев 1970 жылы туған, ҚР азаматы.

Кей дереккөздер оны Қайрат Боранбаевтың інісі деп жазады. Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Forbes.kz жазуынша, Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді.

8 шілдеде сот шешімімен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды.

Сонымен бірге, Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастады. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралар арқылы шамамен 230 млрд теңге қайтарылды.