«Бизнес FM» радиостанциясының бас директоры кешірім сұрады

«Бизнес FM» радиостанциясының бас директоры кешірім сұрады
Сурет: интернеттен

Ол қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайтыны туралы айтып, басы дауға қалған еді.

"Бизнес FM" радиостанциясының бас директоры Рүстем Мақсұтов өзін-өзі қорғау үшін сотқа жүгініп, сөздерінің ақ-қарасын ажырату мақсатында филологиялық сараптама жасатқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Рүстем Мақсұтовтың бейнежазба арқылы көрсетілген сөздерінде ұлт араздықты қоздыру белгілері жоқ. Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері жоқ. Рүстем Мақсұтовтың сөздерінде қазақ тілінің беделін түсіретін белгілер табылмады. Қазақстан Республикасында қазақ тілін шектеу қажеттілігі туралы сөз айтылмаған, – делінген Мақсұтовтың өзі оқып берген сот сараптама нәтижесінде.

Рүстем Мақсұтов қазақша әндер туралы айтқан сөздері көпшіліктің көңіліне тиіп кеткенін мойындайды. Ол таралған бейнежазбада “мен қазақша әндерді жақсы көрмеймін” деп айтпағанын алға тартады.

«Менің сөздерім екі жақты қабылданды. Бұл менің кінәм және мен оны мойындаймын. Мен бұл сөздерді айтқан кезде ойымда мүлдем басқа ниет болды. Осы сәтте мені қолдағандар болды және керісінше мені даттағандар да табылды. Сол азаматтардың алдында ресми түрде кешірім сұраймын. Өз-өзіме деген сенімділіктің құрсауына түсіп қалғандай күйдемін. Мен қателік жасағанымды мойындаймын. Мен сіздерден кешірім сұраймын», – деді "Бизнес FM" радиостанциясының бас директоры.