Биші әжелерге Бішкекте бірінші орын бұйырды

Биші әжелерге  Бішкекте бірінші орын бұйырды
Сурет: видеодан алынды

Қарағандылық әжелер Қырғыз елінде өткен Орталық Азияның VIII Халықаралық би олимпиадасында топ жарып, бас жүлдені иемденген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, бұл айыр қалпақты ағайындардың елінде 8 жыл бойы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ең ірі би жарысы болып есептеледі. «Нұрби» үлгілі би ансамблі мүшелерінің ең жасы 65-те болса, егде тартқаны 85-ке келіпті. Тарихы терең Бішкектің төрінде біздің әжелер еркін ойқастайды. Орталық Азиядағы олимпиаданың ортасында мың бұралған олар қарсыластарға еш мүмкіндік бермеген. Нәтиже мынау: 2 кубок және диплом.

Топтың құрамында 25 биші бар. Арасында элеватор технологы, дәрігер, тәрбиеші, мұғалім, мемлекеттік қызметкер мен сауыншы да кездеседі.

Әжелердің репертуарында 15-ке жуық би бар. Көбі – ұлттық билер. Шығармашылық топ алдағы уақытта өз өнерімен облыстың бірқатар өңірін аралап, концерт беруді жоспарлап отыр.