Бірқатар маман «Ақпарат саласының үздігі» атанды

Бірқатар маман «Ақпарат саласының үздігі» атанды
Cурет: Almalife.kz

Қазақ телевизиясына - 65 жыл.

Осы айтулы датаға орай салада талай жыл тер төккен ардагерлер марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Отандық телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысқан азаматтар кеудесіне «Еңбек ардагері» медалін тақты. Сонымен бірге «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі де табысталды. «Qazaqstan» телеарнасында қазір қызмет етіп жүрген бірқатар маман «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Телевизия ардагерлері ұлттық арнаның студияларын аралап, ауыр камера мен сымды микрофонның орнына келген сан қырлы техниканың мүмкіндігімен танысты.

«Ұлттық арна – қазақ телевидениесінің ұлағатты ұстаханасы, құтты қара шаңырағы. Осыдан 65 жыл бұрын көрерменге жол тартқан телеарна біздің ұлттық рухымызға қызмет етті. 2:00 Ұлттық арнаны телеарнаның эпопеясы деп айтуға болады. Онда әрқайсысыңыздың қолтаңбаңыз бар», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

«Менің ұлттық арнам бұған дейін де көрерменді риза етіп келген әрі қарай да сүйіспеншілігіне бөлене берсін. Ұлттық арнамның ұлағаты өсе берсін», - деді қазақ телевизиясының ардагері Гүлмәрия Барманбекова.