Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды
Сурет: Kostanaytany.kz

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-інен тамыздың 1-іне дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау биыл сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді. 

Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар», - делінген министрлік ақпаратында.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-інен тамыздың 31-іне өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11-сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады.