Бірыңғай жиынтық төлем енді болмайды

Бірыңғай жиынтық төлем енді болмайды
Сурет: ашық дереккөз

1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталды.

БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 2019 жылы уақытша енгізілген болатын, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері: республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК; ал басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК болды.

Алайда үкімет бес жыл бойы қолданылған бірыңғай жиынтық төлемді 2024 жылдан бастап алып тастауды жөн көрді. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, БЖТ өзін-өзі ақтамаған.