Алматыда көп қабатты автотұрақтар салынады

Алматыда көп қабатты автотұрақтар салынады
Сурет: skyscrapercity.com

Бұл туралы Алматы әкімінің Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. 

Кездесуде аудан тұрғындарының бірі автотұрақ мәселесін көтеріп, қала әкіміне сұрақ қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Cұрақ:
- Аудандарда көліктердің автотұрақ мәселесі үлкен мәселеге айналды. Көшелер лық толы, жүретін жол кептеліп, тіпті кей бөліктерінен өту мүмкін емес. Салдарынан қажет болған кезде не өрт  сөндірушілер, не "жедел жәрдем" өте алмайды. Көп қабатты автотұрақ салу мәселесі туындап тұрған сияқты.  

Сауалға қала әкімі жауап берді.

«Жыл соңына дейін Алматы қаласы бойынша көп қабатты автотұрақтарды салу бойынша бағдарламаны таныстыру жоспарда бар. Бұл аулаларды ішінара босатуға мүмкіндік береді. 2023 жылы жеке инвесторлармен жұмысты бастаймыз», - деп жауап берді қала әкімі Ерболат Досаев.