Бір жылда пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттаған

Бір жылда пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттаған
Сурет: Inform.kz

Баға Шымкент, Жетісу және Алматы облыстарында айтарлықтай өскен.

Сарапшылардың 10 қарашада жариялаған есебі бойынша, бір жыл ішінде Қазақстандағы жолаушылар пойызының қызметі 20 пайыз қымбаттағаны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар қала маңында қатынайтын пойыздардың жүру ақысы 16,7% қымбаттағанын айтты. Ел ішінде қатынайтын пойыздың екінші класты вагонында тасымалдау 20,6%, купе вагонында 17,8% қымбаттады.

Баға Шымкент, Жетісу және Алматы облыстарында айтарлықтай өскен.

Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарында баға аса көп өсе қоймағаны байқалды.

Небәрі 9 айда, зерттеушілердің мәліметінше, 14,7 миллион жолаушы теміржол көлігі қызметін пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 32,6 пайыз артық.

Бір қызығы, пойыз қызметін көбіне елорда тұрғындары пайдаланған. Көліктің бұл түрін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сирек пайдаланады екен.