Бір доллар 449, 53 теңге болды

Бір доллар 449, 53 теңге болды
Сурет: Kapital.kz.

Мамандар теңге бағамының қайта нығайып келе жатқанын айтқан болатын.

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 тиынға артты. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 449, 74 теңге. Ұлттық банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 449, 53 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 450, 79 теңге, сатып алу – 453, 96 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 449, 91 теңгеден болса, сатып алу құны – 453, 46 теңге. Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының қайта нығайып келе жатқанын айтқан болатын.