Билл Гейтс болашақта жаңа технологиялар сәтсіздікке ұшырайтынын алға тартты

Билл Гейтс болашақта жаңа технологиялар сәтсіздікке ұшырайтынын алға тартты
Сурет: Islam.kz

Миллиардер, филантроп әрі Microsoft IT-корпорациясының негізін қалаған Билл Гейтс болашақта бүгінде адазмат өміріне дендеп еніп бара жатқан технологияның сәтсіздікке ұшырайтынын айтты.

Үндістан премьер-министрі Нарендро Модимен кездесуінде. Оның айтуынша, жасанды зерде жай тапсырмаларды орындай алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде India Today ақпарат көзіне жөн сілтеген hi-tech сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта нейрожелі оңай тапсырмаларды орындай алады. Сондай-ақ, ол адамзаттың АІ технологиясымен жанасудың (танысудың) алғашқы кезеңінде тұрғанын айта келе болашақта нейрожелі адам түсіне кірмеген мүмкіндіктерге жол ашса да көптеген қиындықтармен бетпе-бет келетінін жасырмады. Дәлірегі, сізге қиын көрінген тапсырмаларды орындағанымен қарапайым нәрселерді шеше алмайтынын мәлімдеді.

AI дамуымен ілесе өзімен жүретін күрделі мәселелердің бірі – аражігін ажыратуы қиынға соғаты фейк ақпараттар. Киберкеңістіктегі қарақшылар мен қылмыскерлер ықпалды тұлғалардың бет-әлпетін және олардың дауыстарын айнытпай салатын жалған бейнелерді жасау арқылы қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін. Бұл қауіп өз кезегінде адам шығыны мен экономикалық және әлеуметтік салдары ауыр түрлі қатерлерге бастайды.