Су министрлігі мамандары су тасқынынымен қалай күресіп жатыр?

Су министрлігі мамандары су тасқынынымен қалай күресіп жатыр?
Сурет: Gov.kz

Республиканың су тасқыны аймақтарында Су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280-нен астам техникасы жұмыс істеп жатыр.

Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

«Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау жүргізеді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.