Білім күні танымал болған балақайдың кім екені анықталды

Білім күні танымал болған балақайдың кім екені анықталды
Сурет: Facebook.com

Қазақстанға танымал болған төрт жасар баланың есімі - Жанасыл екен.

Күздің алғашқы күнінде әлеуемттік желіде танымал болған бүлдіршіннің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап. 

Елді тамсандырып, Білім күнінің ең танымал суреті болған балақай БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен.

Баланың есімі - Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі екен. 

БАҚ-та тараған мәліметтерде ол салтанатты шараға ағасымен бірге барғаны айтылуда.

«Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз», - депті анасы Бақытгүл Жақыпова.