Қаңтар оқиғасының себебі терең зерттелуі тиіс – шетелдік сарапшы

Қаңтар оқиғасының себебі терең зерттелуі тиіс – шетелдік сарапшы
Сурет: Egemen.kz

Күзде өтетін Президент сайлауы қаңтар оқиғасынан кейінгі бірінші маңызды саяси науқан болмақ.

Бұл жайлы АҚШ тағы Орталық Азия істері жөніндегі Oxus Society қоғамдастығының президенті Эдвард Лемон мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ сарапшы Президент өкілеттігі мерзімінің санын қысқарту халық сеніміне ие болу үшін аса қажет қадам дейді. Қауымдастық президенті қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау бойынша да пікірін білдірді.

«Бұл - өте маңызды қадам. Қаңтар оқиғасы кезінде халық елдегі әлеуметтік мәселелерге қатысты Үкіметке үнін естірту үшін бейбіт шеруге шықты. Өкінішке орай, шеру соңы бұзақылыққа ұласып, көп адам қамалды. Қаңтар оқиғасына не себеп болғаны әлі де терең зерделенуі тиіс. Осы орайда, Президенттің мәлімдемесі өте дұрыс шешім болды деп ойлаймын»,- дейді Oxus Society ұйымының президенті Эдвард Лемон.