Биылғы күз жылы болады

Биылғы күз жылы болады
Сурет: Qazaly.kz

Мамандардың болжауынша, жел соғатын жаңбырлы күндер де, жылы күндер де бар.

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда күздің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанды.

Қарашада республиканың басым бөлігінде жылы болады. Тек Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбенің солтүстік-батысында, Қостанайда, Павлодар облысының солтүстік жартысында нормаға жақын болады.

Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады. Демек құрғақ болады. Қараша айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға жақын болады.