Биыл Сайран көлін абаттандыру жұмыстары басталады

Биыл Сайран көлін абаттандыру жұмыстары басталады
vlast.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сайран көлі Әуезов ауданының тұрғындары үшін, сондай-ақ бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын болып табылады. 1971 жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмеген.

Биыл ақпан айынынан бастап Сайран көлінің түбін (ауданы - 50 га) шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстары басталады. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы  әзірленіп, сараптама шыққаннан кейін, 2023 жылдың III тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң, «Сайран» көлінің аумағын реконструкциялау және абаттандыру басталады.