Өткен жылы Әуезов ауданындағы 108 үйде 205 лифт ауыстырылды

Өткен жылы Әуезов ауданындағы  108 үйде 205 лифт ауыстырылды
Сурет: Inform.kz

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту

2022 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың  тапсырмасымен 167 аула аумағын жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала басшысы Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Оның ішінде, бүгінгі күні 9 және 11-шағын аудандағы 30 аула аумағы толықтай жөнделді. Резеңке жабынды төсеу кезінде ауаның температуралық режимін сақтау қажет, сондықтан Жетісу-1,2,3,4, №8,10-шағын аудандардағы қалған 137 ауланы осы жылдың маусым айында аяқтаймыз», - деді шаһар басшысы Е.Досаев. 

Осы жылғы қараша айының соңына дейін №7 және 12-шағын аудандардағы 24 ауланы да қосымша жөнделеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы аясында 2022 жылы 40 үйдің жалпыға ортақ жері жөнделіп, Әуезов ауданындағы 108 үйде 205 лифт ауыстырылды.

«Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Биыл Әуезов ауданындағы 12 үйдің шатыры, 8 үйдің инженерлік желілері жөнделіп, 32 үйде 65 лифт ауыстырылады», - деді Е.Досаев.