Биыл әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді деп болжанып отыр

Биыл әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді деп болжанып отыр
Сурет: Slovoidilo.ua

2022 жылдың 15 қарашасына қарай әлем тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жақындайды.

Ал 2023 жылы Үндістан әлемдегі ең көп қоныстанған ел болады. Мұндай болжам БҰҰ есебінде жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

1950 жылдан бастап әлем халқы баяу қарқынмен өсіп келе жатқаны байқалды. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес, планета тұрғындарының саны:

  • 2030 жылы - 8,5 млрд адамға;
  • 2050 жылы - 9,7 млрд адамға;
  • 2080 жылы - 10,4 млрд адамға жетеді.

Бұл көрсеткіш шамамен 20 жыл бойы өзгеріссіз қалады.