Алматының кей аудандарында ыстық су болмайды

Алматының кей аудандарында ыстық су болмайды
Сурет: Kp.ru

Медеу және Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады.

13 шілдеде Алматыдағы кейбір аудандарда ыстық су болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы 13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін  Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды», - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.

Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Мамандар уақытша қолайсыздықтар үшін алматылықтардан кешірім сұрайтынын айтты.