«Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» зауытында апат болды

«Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» зауытында апат болды
Сурет: Kaztag.kz

Экология департаменті қала прокуратурасымен бірге ауадағы зиянды заттарды өлшеуге шықты.

Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

«11 шілдеде сағат 20:30-да Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды. Экология департаменті қала прокуратурасымен бірге ауадағы зиянды заттарды өлшеуге шықты. Фторлы сутектің артуы 2-3 есе, аммиактың, күкіртсутектің, СО2-нің артуы анықталған жоқ. Осыдан кейін топ Чайкурукке қала шекарасына қарай бет алды, өйткені жел сол бағытта жүрді. Чайкурукта барлық көрсеткіш бойынша нормадан асу анықталған жоқ», - делінген Экология министрлігінің хабарламасында.