Биыл 175 кәсіпорын басшыларына айыппұл салынды

Биыл 175 кәсіпорын басшыларына айыппұл салынды
Сурет: ашық дереккөз

Биыл кәсіпорын басшыларына 24,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Елімізде 175 кәсіпорын басшыларына 24,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмысшының алдында жалақы бойынша 1,7 млрд теңгеден аса берешекті анықтаған.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмысшының құқығы қорғалған. Оларға 1,3 млрд теңге төленді.