Бейсен Құранбектің есімі Талдықорғандағы журналистер үйіне берілді

Бейсен Құранбектің есімі Талдықорғандағы журналистер үйіне берілді
Сурет: Facebook.com

Журналист 2020 жылы 18 мамырда қайтыс болды.

Талдықорғандық журналистер енді белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің құрметіне аталған журналистер үйінде жұмыс істейді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Талдықорғандағы Журналистер үйіне Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты еңбек еткен белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің есімі беріліпті.

Бейсен Құранбек - журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші. Қазақстан Ұлттық арнасында бұрын көрсетілген «Айтуға оңай» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі болған. Ол осы бағдарлама арқылы ел есінде қалды. Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры болған. Сонымен қатар ол ҚР Мәдениет қайраткері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Талдықорғанның құрметті азаматы.