6,5 мың әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысты

6,5 мың әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысты
Сурет: Inform.kz

Бұл бағдарлама 2021 жылдан бастап іске қосылды.

Ол жыл сайын 7000 ЭКҰ квотасын береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ-не сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 6,5 мың әйел экстракорпоралды ұрықтандырудан (ЭКҰ) өткен.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім еткендей, «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2021 жылдан бастап іске қосылды. Ол жыл сайын 7000 ЭКҰ квотасын береді.

«2022 жылы бағдарламамен 6,5 мың әйел қамтылса, қалғаны кезекте тұр. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша бұрын жасалған ЭКО процедураларының нәтижесінде 2654 отбасында көптен күткен 3110 бала дүниеге келді», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім көрсетуді жақсарту мақсатында елімізде халықаралық стандарттарға сай заманауи 11 перинаталдық орталық салу да жоспарда бар.