Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Rus.team

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.