Беті жылтырағанның бәрі IT емес

Беті жылтырағанның бәрі IT емес
Сурет: Freepik

Астана тұрғыны қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен 7 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 5 жыл коммерциялық ұйымдарда материалды-жауапты лауазым атқара алмайды. Оған ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған еді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

К. серіктестікте IT маман ретінде жұмыс істеген және материалдарға жауапты адам болған.

Сөйтіп өзіне сеніп тапсырылған құны 57 млн теңгеден асатын ұйымдастыру техникасын талан-таражға салып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерге жұмсап жіберген.

Сотталушы апелляциялық шағым беріп, тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы К-нің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны дәлелденгенін және жазаның кінәлі адамның жеке басына және туындаған зардаптарға сәйкестігін ескере келе үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сотталушы компанияға келген залалды өтеген жоқ.

Үкім заңды күшіне енді.