Алматыда мопед ұрлаған азамат ұсталды

Алматыда мопед ұрлаған азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алмалы ауданы Мұқанов көшесінде болған мопед ұрлығына қатысты 1993 жылы туған Р.есімді азамат күдікке ілінді.

Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол қылмысты жасағанын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаскөй мопедті алу үшін оны өзінікіндей етіп көрсетіп, өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған. Ұсталғанның мойнында бұдан да көп ұрлық болуы мүмкін деуге негіз бар. Оның жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.