Нұрсұлтан ОРЫНБАСАРОВ: «Sagadat batyr-QTT» спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсудан спорт шебері, Азия чемпионы: Халықтың қалауы орындалып жатыр

Нұрсұлтан ОРЫНБАСАРОВ: «Sagadat batyr-QTT» спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсудан спорт шебері, Азия чемпионы: Халықтың қалауы орындалып жатыр
almaty-akshamy.kz

Президентіміздің Жолдауын тыңдап, болашаққа деген сеніміміз нығая түсті. Елімізді алдағы уақытта оң өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндік.

Сенат депутаттары санының азаюы, Ұлттық  құрылтай жасақталуы, Конституциялық сот құрылуы, 30-дан аса бапқа өзгеріс енгізілуге тиіс дегенінің бәрі – осының басты дәлелі. Сонымен қатар, депутаттардың сайлау алдында берген уәделерін орындауын қатаң бақылауға  алынатыны, әрбір істің нәтижелі болуына бастайтыны анық.

Мен үшін Жолдаудағы айтылған  ең басты өзгеріс – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы болды. Бұл көптен бері елдің көкейінде жүрген мәселелер еді. Облыстардың құрылуы сол өңірлердің қарқынды дамуына септігін тигізеді. Әсіресе, шалғайдағы ауылдардың жағдайы жақсарып, тұрмысы жандана түседі. Абай, Шәкәрім сияқты заңғарлар туған орданың гүлденуіне біз де тілекшіміз. Сонымен қатар, Қапшағай қаласының Дінмұхамед Қонаев атымен аталуы барша қазақстандық азаматтардың қолдауына ие болады деп сенемін.

Президентіміздің «Мен елімнің ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын», «Үлкен өзгерістер  ауыс-түйіс жасаумен ғана шектелмейді,  өзгерістерді өзімізден бастауымыз керек» дегені күллі  отандастарымызды  бірлікке шақырып тұр. Жолдаудан ұққанымыз, ең бастысы, халықтың қалауы біртіндеп орындалып жатқаны. Президентіміз халыққа Жолдау жасады, енді осыларды іске асыру үшін баршамыз жұдырықтай жұмылайық, ағайын!