Белгісіз біреулер қоңырау шалып, жеңіл жолмен ақша табуды ұсынса себеңіз

Белгісіз біреулер қоңырау шалып, жеңіл жолмен ақша табуды ұсынса себеңіз
almaty-akshamy.kz
Қарағандылық тәртіп сақшылары жәбірленушінің есеп-шотынан 6 миллионнан астам ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 32 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленуші арызында интернет-алаяқтарының құрбаны болғандығы туралы айтты. Күдікті жәбірленушіге хабарласып, белгісіз бір сайтқа тіркелу арқылы табыс табуға болғанын айтып, жұмыс ұсынған. Арада болған сенімді әңгімеден кейін, жәбірленуші күдіктінің айтқан сөзіне келіскен. Сөйтіп, ол алаяққа өзінің жеке бас құжаттары туралы ақпарат жіберген. Барлық ақпаратты алған соң күдікті жәбірленушінің есеп-шотынан 6 миллионнан астам ақшаны жымқырып, жәбірленушімен байланысын үзген.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы Қостанай облысының тумасы ұсталды. Ол қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Мәселен, осыған ұқсас интернет-алаяқтығы. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 59 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Жәбірленушінің сөзінше ол алаяқтардың іс-әрекеті туралы хабардар болған. Өз кезегінде алаяқтық жиілеп кеткендігі туралы өзінің әріптестеріне де түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Алайда, өзі алаяқтың құрбаны болғанын сезбей қалған.
Жәбірленушіге белгісіз біреу хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Хабарласқан адам, жәбірленушіге белгісіз біреу оның атынан екі қаржы ұйымынан несие рәсімдеп жатқанын айтқан. Белгісіз азаматпен арадағы телефон арқылы байланыс екі сағатқа созылған. Жәбірленуші осы аралықта психологиялық тұрғыда алаяқтың айтқанына сеніп, оның барлық айтқан нұсқамасын жасағанын айтты. Келесі күні ол, өзінің есеп-шотынан белгісіз біреудің 4,5 миллион теңге ақшасын шешіп алғанын білген.
-Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қала және облыс тұрғындарына егерде белгісіз біреулер қоңырау шалып, жеңіл жолмен ақша табуды ұсынса, не болмаса өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, қаржыға байланысты ұсыныс жасаса бірден телефон тұтқасын қойуды ескертемін. Әрқашан сақтық танытып, жеке бас құжаттарыңызды ешкімге бермеңіздер,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі