Белгілі актриса Лидия Ашрапова дүниеден озды

Белгілі актриса Лидия Ашрапова дүниеден озды
сурет: ашық дереккөз

Актриса 88 жасында қайтыс болды. 

Белгілі актриса Лидия Ашрапова дүниеден озды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Лидия Ашрапова кеңестік «Қыз бен жігіт» фильмінің бас кейіпкері Ғалияның ролін сомдаған.

Танымал дауыс қоюшы Жәнібек Мұхамедхан актриса Лидия Ашрапованың өмірден өткенін өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Актриса 88 жасында қайтыс болды. 

«Кино актрисасы Лола (Лидия) Абдукаримова-Ашрапова 21 сәуірде 88 жасында дүниеден озды. Иманды болсын», - деп жазды ол. 

Лидия Ашрапова 1935 жылы 26 сәуірде дүниеге келген.

Ол көрерменге «Қыз бен жігіт» фильміндегі Ғалияның ролімен танымал.