Беларусь өз азаматтарының шекарадан шығуына жаңа шектеулер енгізбек

Беларусь өз азаматтарының шекарадан шығуына жаңа шектеулер енгізбек
Сурет: Aa.com.tr

Шекарадан асуға шектеу 6 айға дейінгі мерзімге көзделеді.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін республикадан кету тәртібі туралы заң жобасына енгізілген тиісті түзетулерді 12 қазанда Беларусь парламентшілері бірінші оқылымында қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Геннадий Казакевичтің айтуынша, "Беларусь азаматтарының шетелге шығу құқығын шектеу үшін жаңа негіздер енгізілуде – басқару тәртібіне қарсы Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін оларға қатысты әкімшілік процесс жүргізіліп жатқан адамдарға шектеулер қойылады". 

Жаңа заң жобасы айыппұл төлемей жүргендерді шетелге шығармау үшін жасалған.

Сонымен қатар заң жобасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне Ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін жеке тұлғалардың Беларуссиядан шығуын уақытша шектеу құқығын береді.

Бұл ретте ұлттық қауіпсіздік мақсатында шекарадан асуға шектеу 6 айға дейінгі мерзімге көзделеді.

"Сонымен қатар еліміздің құзыретті органдары хабарлағандай, шет мемлекеттердің арнайы қызметтерінің әскери қызметшілер, қызметкерлер, әскери құралымдар мен әскерилендірілген ұйымдардың азаматтық адамдары мен мемлекеттік қызметшілер санатындағы Беларусь азаматтарына ерекше назар аударуына байланысты шетелге шығудың жаңа тәртібін енгізу жоспарлануда", – деді Казакевич.