Бақытжан Сағынтаев туристерді Алматыға келуге шақырды

Бақытжан Сағынтаев туристерді Алматыға келуге шақырды
Cурет: Алматы әкімдігі

Қалада туризмді дамытуға барлық жағдай жасалған

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында мегаполис қонақтары үшін жағдайды жақсарту мен жайлылық жасауға бағытталған қала инфрақұрылымындағы өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз. Визит-орталықтар ашып, таудағы инфрақұрылымды ретке келтірудеміз. Бизнес саласы Алматының дәстүрлі қонақжайлығын сақтай отырып, әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер салады. Welcome to Almaty!», - деді қала басшысы.

 Бақытжан Сағынтаев сөзін қуаттап Instagram желісінде Алматының көрікті және танымал жерлері бейнеленген видео жариялады.