6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ
Inform.kz

АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы егуді бастауды жоспарланып отыр. Иммунизация үшін Pfizer препараты қолданылады. Вакциналау ақпан айының соңында басталады деп күтілуде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палестина Батыс жағалаудағы барлық мектептерде күндізгі сабақтарды тоқтатты. Шешім ковид ауруының өсуіне байланысты қабылданды және ол 12 ақпанға дейін жалғасады. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі «Батыс жағалау мен Газа секторында бұрын-соңды болмаған аурушаңдық тіркеліп, жағдайдың ушығуы тағы бірнеше күн жалғасады» деп атап өтті.

Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Түркияда — 102 601, Оңтүстік Кореяда — 20 270, Словакияда - 20 224.