Робот-ит ғаламшарға жол тартады

Робот-ит ғаламшарға жол тартады
shazoo.ru

NASA-ның жаңалығы – Робот-ит Қызыл ғаламшарға жіберілуі мүмкін. Ол жасанды интеллектке ие және адамның көмегіне мұқтаж емес көрінеді.

Инженерлердің сөзіне сүйенсек, механикалық жануар ең қиын деген жерлерді зерттей алады. Оған адамдар үшін қауіпті жағдайларда жұмыс істеу оңай. Әзірге робот-ит Калифорнияның солтүстігіндегі Лава Филдс ұлттық саябағындағы үңгірлерді зерттеуде. Ол бір сағатта жүздеген метрлік гротты жүре алады екен. Оның барлық бағыты мониторларда 3D форматында көрсетіледі.