Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясына жүгінген азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясына жүгінген азаматтардың сұрақтарына жауап берді
yvision.kz

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Мегаполис басшысы Э. Нөкербековаға сурдоаудармашы қызметін алуға және мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытумен айналысатын «Красивый мир» мектебі үшін ақпараттық жарықтандыру қызметіне қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, Алматы қаласының полиция департаменті мектеп жанында нашар еститін азаматтар үшін арнайы жол белгілерін орнатады.

Кәрібай ақын көшесіне күрделі жөндеу жүргізуге қатысты Қ.Әбдімолдаев тұрғындардың ұжымдық өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, тұрғын үйдің жанында жаяу жүргіншілер жолдары мен жарықтандыру, сондай-ақ инженерлік жүйелерді реконструкциялау қажет. Филиал төрағасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті шешім қабылдауды тапсырды.

Д. Сатылғанова "Теректі" шағынауданының Таусоғар көшесіндегі жол жабынын қалпына келтіру туралы өтінішін жеткізді. Бұрын осы учаскеде инженерлік желілер жүргізілген. Алатау ауданының әкіміне қалалық мобильділік басқармасымен бірлесіп аталған мәселені шешу тапсырылды.

Вольная көшесі, 5 үй тұрғындарының 1937 жылы салынған қаңқалы-қамысты үйді бұзу немесе үйді апатты – ескі үй құрылыстары тізіміне енгізу жөніндегі өтініштері жіті зерделенетін болады.

"Таусамалы" шағынауданы Жанжігіт көшесі тұрғындарының атынан жүгінген В.Мерзляковтың сауалы оң шешімін тапты. «Тау Жанжігіт 4» тұтыну кооперативінің қосылуы Алматы қаласының коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін көшелер тізіміне қосылуына ықпал етті.