Әкім «Достық» метро стансасына Бауыржан Момышұлының атын беруді ұсынды

Әкім «Достық» метро стансасына Бауыржан Момышұлының атын беруді ұсынды
Cурет: Әкімдік

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қала мәслихатына Алматы метросының бекеттерін өзгерту туралы ұсыныс енгізді.

Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында Қала күні қарсаңында Мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты», - деп жазды Б. Сағынтаев. 

«Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ.

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған. «Западный» автовокзал бекеті Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.