«Бақыттымын өзіңмен» отандық сериалы көрерменге жол тартады

«Бақыттымын өзіңмен» отандық сериалы көрерменге жол тартады
Cурет: Newsroom.kz

Аталмыш туынды 1995-1996 жылдардағы білім-ғылым саласында жүрген жандардың өмір жолын бейнелейді.

«Алматы» телеарнасының жаңа маусымында «Бақыттымын өзіңмен» атты телехикая жарыққа шығады. Аталмыш туынды 1995-1996 жылдардағы білім-ғылым саласында жүрген жандардың өмір жолын бейнелейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Бақыттымын өзіңмен» телехикаясында мен Айбек Әукенов деген кейіпкердің рөлін сомдаймын. Бұл туынды 1995-1996 жылдар аралығын қамтиды. Айбек – ауылда өскен, өте момын, өз арманын сатпайтын жігіттердің бірі. Ол ауылда мектепте тарих пәнінен сабағақ береді. Оған Алматыға келіп білімін жалғастырып, диссертация қорғауға мүмкіндік туады. Ол алып шаһарға келгенде бұрынғы достары бұрыс жолға түсіп кеткен екен. Қызық оқиғаның бәрі Алматыда басталады», – дейді актер Елдос Шәкенов
Актердің айтуынша, фильм барысында Айбектің ақылымен достары түрлі кәсіп игеріп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосады.
«Айбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің көптеген жарлығын орындай отырып, Қазақстанның сол заманда дамып кеткенін көрсетеді. Айбек ғылым жолына түсіп, институтта сабақ беріп, профессорлыққа дейін көтеріледі», – дейді актер.

«Бақыттымын өзіңмен» сериалында Айбектің ғашығы болып актрисасы Арай Құсайынова ойнайды.

«Мен 22-23 жастағы Роза есімді кейіпкердің рөлін сомдаймын. Кейіпкердің жан дүниесі өзіме жақын, ақылды және өте білімді қыз. Түсірілім барысы өте қызық өтіп жатыр. Бұл менің екінші жобам. Түсірілім барысы маған қиындық тудырмады. Рөлге бірден сіңіп кете алдым», – деді актрисасы Арай Құсайынова.  

Айта кетейік, «Бақыттымын өзіңмен» телехикаяның мақсаты – көрерменге тәуелсіздік жолында қарапайым еңбек адамдарының, еліміздің білім-ғылым саласында жүрген жандардың өмір жолын, қиындықты жеңіп шыққан сәттерін көрсету.
Телехикая 4 қазаннан бастап, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 20:40-та «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.