Басшысы мен есепшісі 8 жылға сотталды

Басшысы мен есепшісі 8 жылға сотталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қызылорда облысында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған Жаңақорған аудандық білім бөлімінің экс-басшысы мен есепшісіне сот үкімі шықты.

1 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысын қолды қылған лауазымды тұлғалардың кінәсі сотта дәлелденді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сот оларды сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Айту керек, экс-басшысымен сыбайлас болған 24 мектептің есепшілері де заң алдында жауапқа тартылып, барлық сотталғандар өмірбойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.