Бас прокуратурада тағайындаулар болды

Бас прокуратурада тағайындаулар болды
Сурет: Ortcom.kz

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Бас Прокурор Аппаратының басшысы қызметіне Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алмаз Мұхаметжанов 1972 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолын 1994 жылы бастап, Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі, прокуратураның тергеушісі, Қарағанды облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры қызметтерін атқарған.

Бас прокуратурада 1998 жылдан бастап жұмыс істеген, Астана қаласы бойынша ҚСАО басшысы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары, Бас Прокурор Аппаратының ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың сәуірінен 2012 жылдың ақпанына дейін Әділет министрлігінің НҚА тіркеу Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Нормашығармашылық қызметті үйлестіру басқармасының, сосын Департаментінің бастығы лауазымдарын атқарып келді.

«Ерен еңбегі үшін» медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған, прокуратура органдының құрметті қызметкері.

 Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру Департаментінің бастығы болып 1976 жылы туған Альбина Тасболатқызы Маутова тағайындалды.

1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын жоғарыда аталған университетте оқытушы болып бастаған. 

Прокуратура органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Ретімен Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаментінің прокуроры, аға прокуроры, Бас Прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа басқарма бастығының орынбасары, одан кейін 2020 жылдан бастап Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру Департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған, прокуратура органдының құрметті қызметкері.