Барша қазақстандықтардың мақтанышы 

Барша қазақстандықтардың мақтанышы 
almaty-akshamy.kz

Алмас Қодасбаев, қалалық мәслихаттың депутаты:

– Астана күні – елдігімізді ұлықтайтын айтулы мерекенің бірі. Еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мейрам. 
Бас қаламыз, сөзсіз, Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне айналды. Бұл күнде Нұр-Сұлтан тек елордалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышы, бостандығының белгісі, сүйікті қаласы, болашаққа деген нық сенімі мен ұлтаралық келісімнің нышаны болды. 
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның бет пердесі іспетті. Сол себепті астанамыздың өркендеуін Қазақстанның өркендеуі деп білген жөн. Үшінші он жылдыққа қадам басқан Нұр-Сұлтан шаһары көп жетістікке қол жеткізді, көптеген мемлекеттік және халықаралық маңызы бар оқиғалардың куәсі болды. Елбасының қолтаңбасы бар жарқын қала әлемдегі өзіндік орны бар, бірегей сәулетімен ерекшеленетін мегаполиске айналды. 
Астана күні қарсаңында Бас қала көркейіп гүлдене берсін, жасай берсін, жаңара берсін деп тілеймін