Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін Ербол Қарашөкеев атқаратын болды

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін Ербол Қарашөкеев атқаратын болды
Сурет: Primeminister.kz

Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.

Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына cілтеме жасап.

Ербол Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.