Банк секторының жаңа тынысы ашылды

Банк секторының жаңа тынысы ашылды
almaty-akshamy.kz

SDN тізімінен шыққан Bereke Bank Swift жүйесіне қайта қосылды. Енді мемлекеттік Bereke Bank клиенттері B-Bank мобильді қосымшасында SWIFT халықаралық аударымдарын АҚШ долларымен және еуромен қайтадан жасай алады. Демек, халықаралық аударымдарда еш шектеу жоқ. Осылайша ВТБ-ны есептемесек, Қазақстанның банк секторы тұтас санкциядан шықты.

Доллармен және еуромен онлайн ауда­рымдарын іске қосу Bereke bank-тің опе­рациялық қызметті қалпына келтіру жос­парлы жұмысы шеңберінде орындалған кезекті қадамы болды. Енді соңғы саты – Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері бойынша картадан картаға жа­салатын ақша аударымдарын қалпына келтіру болып отыр. Бұл Қазақстанның банк секторы үшін жақсы жаңалық.

Қазақстан Үкіметі санкцияға ұшыра­ған СберБанк конгламератының біздегі банкін сатып алып, оның атын ауысты­рып, АҚШ-тың санкция тізімінен шыға­рып алған болатын. Тура осындай күй кешкен біздегі Альфа-Банкты ЦентрКре­дит сатып алып, жұтып қойды. Тек ВТБ банк қана Қазақстандағы банкін сатпай, санкция режимінде жұмыс істеуге ыңғай­лай бастады.

Елдегі барлық банк пруденциальды нормаларды сақтап отыр. Ал 2023 жыл­ғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторы активтерінің көлемі 45,4 трил­лион теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғы деңгейден 1,2%-ға жоғары.

Мамыр айындағы активтердің өсімі бойынша Shinhan Bank көш бастап ке­леді. Сол айда алты банк активтерінің төмендеуін тіркеген. Еуразиялық банк (-4,1%) және KZI (-3,4%) құлдырау бо­йынша көш бастады.

Несие портфелі немесе банктердің клиенттер қолындағы қазіргі несие кө­лемі 25,5 триллион теңгені құрап отыр. Тым тез өсіп жатқан банктер ішінен Freedom Bank-ті атап айтуға болады.

Маусым айының қортындысы бо­йынша осы жағымды тренд сақталуы тиіс.

«Аlmaty-akshamу», №86, 20 шілде, 2023 жыл