Тимур ӘБДІРАХМАНОВ: Инфрақұрылымды дамыту – өмір сүру сапасын жақсарту

Тимур ӘБДІРАХМАНОВ: Инфрақұрылымды дамыту – өмір сүру сапасын жақсарту
Сурет: Almaty-akshamy

Қала басшысының бастамаларын қолдаймыз.

Шілденің 21 күні Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде жобалардың онлайн-презентациясын өткізді. Бұл презентация барысында шаһар басшысы қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту, су бұру және сумен жабдықтау, қала көшелерін жарықтандыру туралы айтып берді. «Сейсмостстройзащита» ЖШС директорының орынбасары Тимур Әбдірахманов бұл бастамаларды қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

 «Әлемнің дамыған қалалары үшін жол инфрақұрылымының сапасы жайлы орта құрудағы аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сол себептен, Алматы қаласы әкімінің тікелей эфирде айтып өткен мәселелері бүгінде алдыңғы кезекке қойылған бастамалардың бірі деп есептеуге болады. Оның ішінде қала басшысы атап өткен – аудандардағы магистральды және сумен жабдықтау мен кәріз желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстардың басталуы «Жаңа Алматыны» дамытудағы үлкен бастаманың бірі болып табылады. Эфирде атап өтілген кешенді жоспардың аясында оң шешілетін мәселелердің бірі – кәріз желісі. Қазіргі  таңда осыған байланысты әкімдік тарапынан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау, стратегиялық құрылыстар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – үлкен жауапкершілікті бастама. Сондықтан осы мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, қала басшысының атқарып жатқан іс-шаралары мен бастамаларын қолдаймыз», – деді  Тимур Әбдірахманов.