Балуандар шеберлік шыңдауда

Балуандар шеберлік шыңдауда
Сурет: Оlympic.kz

Түркістанда балуандар шеберлікті арттыруда

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Түркістан облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің жетекшілігімен өтіп жатқан жаттығу жиынына өңірлерден 19 дзюдошы шақырту алған.

Дайындықтарын пысықтап жатқандар қатарында ұлттық құрама мүшелері Ғұсман Қырғызбаев, Дидар Хамза, Ерлан Серікжанов және Ислам Бозбаев бар.

Сондай-ақ, аталған жиында 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаз жүлдегерлері де шеберліктерін шыңдап жатыр.