Балмұздақты күнде жеген дұрыс па?

Балмұздақты күнде жеген дұрыс па?
Сурет: Aussiedlerbote.de

Балмұздақты аптасына 2-3 рет жеу жеткілікті.

Оны көп жеу фарингитке немесе жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінің қабынуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Ата-аналардың басым көпшілігі балаларына аптасына 2-3 балмұздақтан артық жеуге рұқсат бермейді. Ол тамақ және жоғары тыныс мүшелеріне, баспаға (ангинаға) зиянын тигізеді дейді. Тіпті дәрігерлердің өзі балмұздақтың пайдасы мен зияны туралы сұраққа сан қилы жауап береді.

Балмұздаққа қатысты ең дұрыс шешімі – ағзаға зиян келтірмеу үшін күн сайын жемеу керек. Құрамындағы сүтте бар пайдалы минералдарды ағзаға сіңіру үшін аптасына 2-3 рет жеудің өзі жеткілікті.