Ұлттық банк инфляцияға байланысты болжамын жариялады

Ұлттық банк инфляцияға байланысты болжамын жариялады
Сурет: Akchabar.kg

Жылдың соңына қарай инфляция 15%-ға дейін жетеді деп болжанып отыр. 

Қазақстанда 2022 жылдың соңына қарай инфляция 13-15% өскен дәлізде қалыптасады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

«2022 жылдың соңына дейін импорттық өнімдерді қайта құрылымдау, елеулі сыртқы инфляциялық қысым, азық-түлік тауарлары  әлемдік жоғары баға болуына, сондай-ақ оң фискалдық серпін жағдайында инфляцияның 13-15 % ұлғайған диапазонында қалыптасуы күтілуде», - делінген Ұлттық банктің ақша-несие саясаты туралы есебінде (2022 жылғы маусым).

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы инфляцияның 7,5-9,5%-ға дейін бәсеңдеуі күтілуде, 2024 жылы инфляция мақсатты дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 8%-ға жақындайды.