Баллонға жасырылған есірткі

Баллонға жасырылған есірткі
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері елімізге есірткі заттарының ірі партиясын кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» бақылау-өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік мінген автокөлікті тоқтатқан.

«Көлікті тексеру барысында газ құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі», - делінген хабарламада.

Факт бойынша, материал ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды.