Димаш Құдайбергеннің имиджі өзгерді

Димаш Құдайбергеннің имиджі өзгерді
Сурет: Almaty.tv

Әнші сақал-мұрт қойып, өзгерісін әлеуметтік желіге жүктеген

Жақында Димаш Құдайберген әлемдік деңгейдегі шоу-бизнес жұмыстарын жалғастыру үшін Қытайға аттанғанын хабарлаған болатынбыз. Таяуда өткен онлайн дауыс беру нәтижесі арқылы Азияның ең сымбатты жігіті атанған әнші әлеуметтік желіге шашы мен сақал-мұрты өсіп кеткен суретін салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы телеарнасының ақпаратына  сәйкес, әншінің бұл өзгерісіне қатысты желіде әртүрлі пікір білірушілер көп екен. «Осылай да бәрі сүйіп тыңдайтын Димаш болып қала бересің», «Үйреншікті емес, бірақ жарасады», «Күндердің бір күнінде осындай сурет салатыныңды білдік», - деп жазды олар.