«Балалар жедел жәрдем орталығының» операциялық блогымен бірге қабылдау бөлімшесі ашылады

«Балалар жедел жәрдем орталығының» операциялық блогымен бірге қабылдау бөлімшесі ашылады
Сурет: ашық дереккөз

Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін биыл маусым айында «Керуен Medicus» медициналық орталығында 40 орындық жаңа перзентхана корпусы және ауысымына 300 келушіге арналған емхана ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.   

«Қазан айында 300 орындық «Балалар жедел жәрдем орталығының» операциялық блогымен бірге қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын ашу жоспарланған», -деді қала әкімі Е.Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту мақсатында әкімдік 6 денсаулық сақтау объектісін салу және  реконструкциялауды жоспарлап отыр.

«Әрқайсысы 500 орындық 2 жаңа емхананың және Орталық қалалық клиникалық аурухананың 500 орындық жаңа корпусы жобалануда. Бұл объектілердің құрылысы 2024 жылы басталады.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ғимаратын, сондай-ақ №4 және №12 емханаларды күрделі жөндеу жұмыстары жобалануда. №4 және №12 емханаларды жөндеу жұмыстары қараша айында, ал Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы келесі жылдың наурыз айында басталады», -деді қала әкімі.